Басты жаңалықтар

«Қазақстанжәне Түрікменстан: ынтымақтастықтың, даму мен достықтың символы»

2019 жылдың 24 қыркүйегінде М.Әуезоватындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Түркіменстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған шара өтті. Мереке Қазақстан Республикасындағы Түркіменстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тәуелсіздіккүні - ерекше тарихи маңызы бар, ақылды, талантты, еңбекқор халықтың шығармашылық рухын бейнелейтін, жүректеріндегі мақтаныш пен патриотизм сезімдерін арттыратын Түркіменстанның басты мерекесі. Ұлттық тәуелсіздік мәртебесін алу Түркіменстанның жаңа тарихының негізінқалады.

QS WORLDWIDE 2019

2019 жылы 18 қыркүйекте "QS WORLDWIDE 2019" – "Journey to Global Prominence: Harmony of Human Heritage and Advanced Technology" Халықаралық білім беру форумының салтанатты ашылуы қарсаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Малазиядағы жеке университеттерінің арасындағы көшбасшы болып табылатын “Universiti Teknologi Petronas” Малазия университеті мен ынтымақтастық  туралы  меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жиыны

2019 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 16:00-де  М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Бас ғимарат конференц залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының  ұйымдастыруымен

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»  атты Қазақстан халқына Жолдауын  түсіндіру жиыны өтті.

«Үздік ғылым кандидаты-2019»

«Bilim-orkeniety» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы

Бүгін ресми іс сапармен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не ҚР Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетов келді

Бүгін ресми іс сапармен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не ҚР Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетов келді. Жұмыс барысында университеттің "Мұхтартану" орталығында болып, ғалымдармен сұхбат құрды. Университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын аралап көріп, құжат тапсырып жатқан талапкерлер мен ата-аналармен әңгімелесті.

Қазақстан Республикасынының Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова Фатима Надырқызының М. Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымымен кездесуі болды

Қазақстан Республикасынының білім және ғылым вице-министрі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Жақыпова Фатима Надырқызының М. Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымымен шілденің 11 жұлдызында кездесуі болды.

Байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5.

Қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдармаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

25 маусым 2019 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ға Эрджиес университетінің делегациясы келді

25 маусым 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Эрджиес университетінің делегациясы (Түркия) келді. Іс-сапар аясында делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызымен кездесті, кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және шетелдік ғалымдарды тарту, оның ішінде жоғары оқу орнының топ-менеджмент бағдарламасы, студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен Mevlana алмасу бағдарламаларына қатысу мәселелері талқыланды.

«Академик» футбол клубы

«Академик» футбол клубы 1979 жылы ҚазХТИ-дің жас оқытушыларымен ұйымдастырылған. Клубтың басты міндеті ОПҚ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Осы жылы «Академик ҚазХТИ» футбол клубы ЛЛФ (футбол әуесқойлар лигасы, 50 жастан жоғары) өткізіп жатқан облыстық жарыста өнер көрсетеді. Ойындар сенбі күндері «Мирас» спорткешенінде өтеді.

QS World University Rankings-2020 әлемдік университеттік рейтингіндегі кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!

Құрметті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы, оқытушылар, қызметкерлер,  студенттер, түлектер және әріптестер!

Сіздерді QS World University Rankings-2020 әлемдік университеттік рейтингіндегі кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ТОП-500 әлемдік үздік университеттер позициясын сақтап қалды және Қазақстан университеттерінің арасында 5-орыннан 3-орынға жоғарылады.