ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

       Өзінің 75 жылдық тарихында университет еліміздің әлеуметтік және экономика, химия, құрылыс салалары үшін өндірістен қол ұзбей мамандар даярлауда айтарлықтай тәжірибеге ие болды. Сырттай оқыту алғашқыда Қазақ химия технология институты негізінде 1957 жылы кешкі бөлім болып ашылып, 1959 жылдан бері сырттай оқу факультеті ретінде жұмысын жалғастыруда. Аталған уақыттан бері факультет талай трансформациялық кезеңдерден өтті. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың білім саласына белсенді түрде енуіне байланысты 2008 жылы Қашықтықтан оқыту институты болып қайта құрылды. Бүгінгі күні орта кәсіби және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Сонымен қатар ұзақ жылғы үзілістен кейін университет кешкі оқу түрінде мамандар даярлауды бастады. Бүгінгі күні институт М.Әуезов атындағы ОҚМУ нің құрамдас бір бөлімі. ҚР БҒМ қашықтықтан оқыту технологияларын оқу үдерістеріне ендіру туралы Ережелерінің талаптарына сәйкес инстуттың қашықтықтан білім беру порталы жасалып (SDO.UKGU.KZ) ол «Прометей» жүйесі негізінде жұмыс істеп тұр. Оқу үрдісін сапалы электронды оқу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кешенді оқу - бейне студиясы және электронды контенттер өңдеу орталығы іске қосылған. Орталық бүгінгі таңда 1212 электронды оқу әдістемелік басылымды даярлап шығарды, оның 143 виртуальды лабораториялар. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық Бас агенттіктің бағалауы бойынша (НКАОКО) ОҚМУ нің қашықтықтан оқыту порталы ҚР ең үздіктердің бірі болып танылуда. Портал электронды оқу әдістемелік кешендермен , виртуалды лабораториялармен, бейне лекциялармен толық қамтамасыз етілген және порталдың мобильді нұсқасы іске қосылған. Бұл дегеніміз кез келген студент қай жерде болмасын, қай уақытта болмасын өзіне керекті ақпаратты және оқу әдістемелік материалдарын смартфон, планшеттер арқылы өзіне тартып алуына мүмкіндіктері бар. Порталдың талапкерлерге арналған бетінде дайындық курстары жұмыс істейді. Ол жерде талапкерлердің өзін-өзі тестілеуден өтуіне және онлайн консультант арқылы сұрақ-жауап алу мүмкіндіктері қарастырылған.
        Қазырғы күні университет-тің оқытушы профессорлар құрамы, әлемдік білім беру кеңістігіндегі заманауй тренд-тердің бірі болып саналатын Ашық онлайн курстарын (МООК) даярлауға кірісуде. Бұл үшін институттың IT- кызметкерлері арнайы сайт әзірлеп оны іске қосты (MOOC.UKGU.KZ). Курстар Open edX Eduardo платформасында жасалып сайтқа орналастырылған, білім алушы-ларға қолжетімді. ҚР президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» атты үндеуінде атап көрсеткен «жоғары білім алудың сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету» тапсырмасы және «ҚР білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында, университетке шетелдік талапкерлерді қабылдау үшін және оқу орнының аймақтардағы, алыс және жақын шет елдердегі танымдығын арттыру мақсатында өкілдіктері ашылды. Атап айтқанда алғашқы рет Маңғыстау өңірі үшін 2013 жылы Ақтау қаласындағы өкілдігі ашылды. Өкілдіктің директоры болып т.ғ.к., доцент Құдасов Қ.К жұмыс атқаруда. Аталған уақыттан бері Маңғыстау өңірі үшін 500 астам жоғары білікті маман университтеті тамадап өңірдің әлеуметтік өндірістік салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Орталық Қазақстан үшін 2016 жылы Қарағанды қаласында өкілдік ашылды, директор болып PНD докторы Жаппарова Р.Е басшылық етуде. Осы уақыт аралығында орталық Қазақстан үшін 150 аса жоғары білікті маман университетті бітіріп, индустриалды өңір үшін өнеркәсіптің әр саласында еңбек етіп жүр. 2017 РФ Москва қаласында өкілдік ашылды. Өкілдіктің директоры болып э.ғк,. доцент Каплин В.А қызмет етуде. Өкілдік Мәскеу өңірінде және осы қалада жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматтарды және басқа ұлт өкілдерін университеттке оқуға тартуға, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы басқа жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату бағытында жұмыстар атқаруда. Аталған өкілдіктердің барлығы заманауй ақпараттық коммуникациялық құрылғылар арқылы институттың білім беру порталына байланыстырылған.
        Институт ұжымының алдыға қойған негізгі мақсаты - электронды ақпараттық білім беру ортасы қалыптасқан, ресурстармен толық қамтамасыз етілген, білім беру ұйымының білім беру және басқа да қызмет түрлерін электронды түрде жүзеге асыруға толық қаблетті цифрлы институт деңгейіне жету.
        Әрине институттың бүгінгі күнімен жарқын болашағы оның негізін қалаған, және оған жетекшілік еткен танымал ғалым-педагогтарға байланысты болғаны сөзсіз: Стальнов Н.А., Кучмистый Б.И., Смогоржевский В.У., Грызунов В.А., Байбөлеков Ә.Б., Муталиев Н.М., Сейтжанов К.,Ищанов А.У., Лысенко Н.И., Мамытов М., Жолдасов С.З., Ахметов Т.А., Елтаев А., Әйменов Ж.Т., Тасболат Б., Тлеуов Ә. С, , Үмбетов Ө.Ү. және т.б.
        Бүгін де институт басшылығы да сол дәстүрді жалғастырып, еліміздің болашағы үшін бәсекелестікке қабілеті, заманауй білім мен технологияларды толық меңгерген жоғары білікті мамандар даярлауға аянбай еңбек етуде. Институтты педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қозыбаев Е.Ш. басқаруда.
        Институт ҚРБҒ министірлігінің бұйырығымен бекітілген мамандықтардың классификаторларына сәйкес 71 мамандық және маманданулар бойынша мамандар даярлауда. Студенттерге білм беру үрдісінде 140 астам танымалы ғылым докторларымен 600 -ге жуық ғылым кандидаттары, өндірісте мол тәжірибе жинақтаған білікті мамандар дәріс береді. Бүгінгі күні республикамыздың облыстарынан, алыс және жақын шетелдерден келген 4700 астам студенттер сапалы білім алуда.
        Институт егеменді еліміздің болашағы үшін ерекше белсенділік көрсетіп, республика мен облысқа танымалы болған бітірушілерін: Тшанов А.К., Жылкышиев Б.А., Булегенов Е., сияқты қоғам қайраткерлері, Мокляк А., Музы¬ка С. Р., Туманов А. Д., Тесленко Г. Г., Шахмуратов Б. М., Алданов А.У., Жанабаев Б.Ж., Сосюра В. С., Мырзабеков О., Тузельбаев Б.А., Айтбаев Б.А., Нейман И.Е., Жукова О.В., Сущицкий Г.Н., Уразбаев Ж.С., Кожанов К., Бейсеев М.А., Алданов Х., Билисбеков Е.Д., Әділханов Н., Әлиев Б., Бысов В., сияқты ұйымдар мен өндіріс жетекшілерін. Елімізге танымалы болған ақын – жазушылар, композиторлар, хореограф, мәдениет қайраткерлері: Е.Хасангалиев, М.Жүнісова, М.Омаров, Р.Гайсин, М.Әбішев, Э.Мальбеков, М.Көкенов, Л.Есенов, З.Кастеева, Р.Каланова, Ф.Жолымбетова және тағы басқаларын. Еліміздің көк байрағын ірі-ірі спорт ареналарының төріне көтертіп, әнұранын ойнатып жүрген спорт саңлақтары, ұлтық олимпиада командасының мүшелері, олимпияда чемпиондары, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары: Бекзат Сәттарханов, Мұхтархан Дильдабеков, Базарбек Домбай, Ольга Довгун, Анна Важенина, Еркебулан Шыналиев, Елена Шалыгина, Біржан Жақыпов, Юнусметов Рашид, Қайрат Ералиев, Ангелина Мищук, Андрей Могилевский сияқты аттары әлемге танымал түлектерін арқашан мақтан тұтады.
        Елбасының, біз «білім, ғылым, инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» деп атап айтқандай бүгінгі күні дамудың негізі, білім мен ғылымға келіп тіреледі. Инновациялық процестер қазақстандық білім беру жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға ықпал ететін негізгі векторлар болып табылады. Әлемдегі дамыған елдер сияқты біз үшін де білім жүйесінің сапасын жетілдіру, ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі.

 

 


Институт директоры: Қозыбаев Енілхан Шәріпханұлы п.ғ.д., профессор.
Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы  ОҚМУ.
Телефон: 8(7252) 21-43-71
Факс: 8 (7252) 21-43-71
e-mail: enko60@mail.ru

Директор орынбасары: Жақаш Әділби Зүбайірұлы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент 8(7252)-30-07-64

Директор орынбасары: Орынбасаров Арсланбек Калдыкулович. х.ғ.к., доцент 8(7252)-30-07-93

Қашықтықтан білім беру технологиялары қызметінің жетекшісі: Досыбеков Серік Қамбарұлы, ф-м.ғ.к., доцент. 8(7252)-30-14-21

 

Бекжанова Гулзира Бегмановна Оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру бөлімінің бастығы

Бөлетова Рима Әбілхайымқызы ҚББТ дидактикалық құралдарын жасау бөлімінің бастығы

Сайлауова Гүлсезім Әмірханқызы Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру бөлімі ҚББТ дидактикалық құралдарын жасау бөлімі Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады:
Институт директоры: Қозыбаев Енілхан Шәріпханұлы п.ғ.д., профессор
байланыс телефоны: 8(7252) 21-43-71
Директор орынбасары: Жақаш Әділби Зүбайірұлы, техника ғылымдарының    кандидаты, доцент
байланыс телефоны:  8(7252) 30-07-64
Директор орынбасары: Орынбасаров Арсланбек Калдыкозович х.ғ.к., доцент
байланыс телефоны: 8(7252)-30-07-93
Қашықтықтан білім беру технологиялары қызметінің жетекшісі: Досыбеков Серік Қамбарұлы, ф-м.ғ.к., доцент.
байланыс телефоны: 8(7252)-30-14-21

Институтты басқарған ғалым -педагогтар

 

Казахский