Добро пожаловать на сайт sde.sksu.kz

Содержимое главной страницы еще не создано.

AUEZOV UNIVERSITY-ГЕ ЗЕРТТЕУ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ!

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл туралы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына арналған жиында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

«1943 жылы сұрапыл соғыстың кезеңінде негізі қаланған университет бүгінде әлемдік нарықта сұранысқа ие бірегей білім ордасына айналып отыр. Сондай-ақ Сіздердің жоғары оқу орындарыңыз білім берудің 3 деңгейлі сатысын жоғары деңгейге көтеріп, отандық университтердің көшбасшысына айналуда», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университет ұжымына жолдаған құттықтауын оқыды.

«Еліміздің барлық аймақтарында дарынды әрі ойы ұшқыр, креативті жас ұрпақ өсіп келеді. Біз жоғары оқу орындары арқылы олардың ішкі әлеуетін толық ашуға жағдай жасауымыз керек. Аймақтық университеттер негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен ынтымақтаса отырып жүзеге асыру – Сіздер мен жергілікті қауымдастықтың міндеті. Атаулы 80 жылдың ішінде оқу ордасы көптеген табыстарға қол жеткізіп, мол мүмкіндіктерге ие болды. Университет алдыңғы қатарлы ғылым, білім ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, әлемдік рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – делінген құттықтауда.

Бұдан бөлек, жиын барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, академик Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты жиынның соңы спикерлердің ғылым, жоғары білім сапасы турасындағы танымал спикерлердің баяндамаларына ұласты.

Әуезов университеті Сиань халықаралық университетімен меморандумға қол қойды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің басшылығымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында оқуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университетіміздің халықаралық бастамаларға қосылуы бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.

Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, профессор оқытушы құрамына және ғылыми қызметкерлеріне үлкен мүмкіндікке жол ашады.
Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.

Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты.

Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасы Бас Консулдығы консулдарының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне сапары

2023 жылғы 15 ақпанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының делегациясы келді. Делегация ішінде болған қонақтар: Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Дүниежүзілік Жастар қауымдастығының өкілі - Фарходжон Ганиев, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының көші-қон мәселелері жөніндегі консулы - Асроров Иззат, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) бас консулы, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) Консулы - Абдукаримов Жамолиддинхуджа және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің көмекшісі - Турсунов Жавохир. Кездесуге Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі Проректор А. Т. Ысқақова, халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры А. Т. Тұрымшаева қатысты.

Делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстан Республикасының азаматтары қатарынан шетелдік студенттерімен және магистранттарымен кезлесу өткізді. Кездесу барысында, көші-қон және де оқу процесінде туындайтын т.б. мәселелер талқыланды, сонымен қатар білім алушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

COURSERA-да тегін оқуға бола ма және ондағы курстар сізге не береді?

Coursera білім беру алаңында математика мен логиканы, тілдерді, әлеуметтік ғылымдарды, бағдарламалауды және т.б. үйренуге болатын 3000-нан астам курс бар. Сонымен қатар мұнда Coursera Plus арқылы тегін білім алсаңыз болады.

Әлемдік қауымдастық

Курстарда жетекші университеттер мен компаниялардың сарапшылары сабақ береді. Оқудан кейін сіз бүкіл әлемде мойындалған диплом ала аласыз.

Қолжетімділік

Жүздеген тегін курсты оқуға және Coursera Plus тегін сынақ нұсқасынан бастауға болады.

Икемділік

Сіз жұмыс үстеліне де, мобильді құрылғыларға да сұраныс бойынша дәрістер ала аласыз және өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласыз.

Жұмысқа орналасу мүмкіндігі

Сіз жұмысқа орналасу үшін қажетті мансаптық дағдыларды игересіз, сонымен қатар қолданбалы оқыту арқылы жеке және кәсіби дағдыларды дамытасыз.
https://www.coursera.org/

Новости

В Auezov University открылась аудитория им. академика Мурата Журинова.

«В аудитории имени академика Национальной академии наук РК Журинова Мурата Журиновича будут проходить лекции, занятия, встречи зарубежных ученых, профессоров.

В AUEZOV UNIVERSITY ОТКРЫЛСЯ КОМПЛЕКС НАУЧНЫХ ЛАБОРАТОРИЙ

Также в рамках празднования введены в эксплуатацию 4 научных лабораторий, которые придадут новый импульс дальнейшему укреплению научного потенциала университета.

Поздравляем обладателей грантов по программе 500 ученых!

По итогам решения Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом от 22.06.2023 года 10 преподавателей Южно-Казахстанского университета им.М.Ауэзова стали обладателями грантов по программ